
Оспанов Әділ Қанышұлы 1980 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Павлодар университетін бітірген.
Аға әділет кеңесшісі. «Құрмет» орденімен наградталған. Үйленген, үш баласы бар.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы бастап, Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар қаласы және Астана қаласының «Есіл» ауданы прокуратуралары бөлімдерінің бастығы, Астана қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы, Павлодар облысы Павлодар ауданының прокуроры, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде еңбек етіп, инспектор, сектор меңгерушісі және Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі орынбасары лауазымдарын атқарған.
2026 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.