Артқа

Ералы Бауыржан Бейбітұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы

Жалпы ақпарат, білімі

Ералы Бауыржан Бейбітұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін бітірген.

Аға әділет кеңесшісі.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Үйленген.

Мансап

2018-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымында, соның ішінде Төраға хатшылығында және Бас диспетчерлік басқармада түрлі сарапшылық және басшылық лауазымдарды атқарды.

2023–2025 жылдары — Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.

2025-2026 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымын атқарады.