Меню

Страницы

Статья

Государственная служба

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ тұрғын үй мәселесі бойынша бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «E-R-4», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау рәсімін сақтауды, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз етеді; пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп - ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді; көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеу аспаптарының; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына бақылау жүргізеді; Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға арналған конкурстың өткізілуіне; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына; елді мекен шекарасы шегінде тұрмыстық баллондар мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасайды; тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерін бұзуды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: «құқық», «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, жылу энергетикасы, электр энергетикасы), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, менеджмент), «әскери іс және қауіпсіздік» (өрт қауіпсіздігі) бейіндері бойынша.

Мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құқық», «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану) бейіндері бойынша ортадан кейінгі немесе техникалық кәсіптік білім рұқсат етіледі), «энергетика» (электр энергетикасы (салалар бойынша), жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша), немесе «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалар бойынша), менеджмент (қолдану салалары мен салалары бойынша)), «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (өрт қауіпсіздігі) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. Өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі — Қызметтік тізім);
  3. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі» kzh.sko.gov.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің, «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ және «Рассвет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

«Б» корпусы тиісті бос орны немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттігін есепке ала отыра, конкурстык комиссия конкурстық сұрақтардан басқасы, ситуациялық және мотивациялық сұрақтар қолданатын болады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Дата публикации
27 сентября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
27 ноября 2024
Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы