В селе Якорь участковый инспектор провел разъяснительную работу по правилам продажи алкоголя
Участковым инспектором полиции Якорьского сельского округа Кызылжарского района Северо-Казахстанской области подполковником полиции Т.С.Баймокомбетовым проведена профилактическая и разъяснительная работа с местными индивидуальными предпринимателями и работниками торговых точек, осуществляющих реализацию алкогольной продукции.
Цель данных мероприятий — предупреждение правонарушений в сфере оборота подакцизной продукции, профилактика преступлений, совершаемых в состоянии алкогольного опьянения, а также исключение фактов продажи спиртного несовершеннолетним.
Якорь ауылында учаскелік инспектор алкоголь өнімдерін сату ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Т.С. Баймокомбетов алкоголь өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын жергілікті жеке кәсіпкерлермен және сауда нүктелерінің қызметкерлерімен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты — акцизделетін өнімдердің айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкогольдік мас күйде жасалатын қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді сату фактілерін болдырмау.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қорқыту мен үрей көрсетудің (булингтің) алдын алу және мектеп ұжымында қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Якорь ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Якорь орта мектебінің оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізді
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қорқыту мен үрей көрсетудің (булингтің) алдын алу және мектеп ұжымында қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Якорь ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Якорь орта мектебінің оқушыларыме профилактикалық әңгеме өткізді
В целях профилактики правонарушений, предупреждения травли и формирования безопасной среды в школьном колективе участковым инспектором полиции Якорьского сельского округа была проведена профилактическа беседа с учащимися Якорьской средней школы.
2026 жылғы 19 маусымда СҚО Қызылжар ауданы "Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Якорь ауылы, Мира көшесі, 39а мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:3-45-82
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыс жандандырылды, оған ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын міндетті түрде әзірлеу кіреді. Бұл пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту, жайылымдарға түсетін жүктеме нормаларын сақтау және өнімділікті қолдау, сондай-ақ топырақтың тозуын болдырмау үшін қажет.
Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №119 бұйрығымен белгіленген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200027790).
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000019893#z48) сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілген жұмыс түрі мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты жұмыстарға жатады. Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалармен қатар, аталған жұмыстарды Мемлекеттік корпорация да жүзеге асыруға құқылы.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы шаруашылықішілік жергеорналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға дайын екенін білдіреді, сондай-ақ осы бағыт бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне белсенді қатысуға ниетті.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша филиалы
9 мамыр күні Якорь ауылдық округі бүкіл елмен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 81 жылдығын атап өтті. Бұл күн ұрпақтарды біріктіріп, ата-бабаларымыздың теңдессіз ерлігін еске салады.
Бүгін, Жеңіс күні қарсаңында Якорь ауылдық округінің әкімі Валерий Владимирович Тихий мен округтің Ардагерлер кеңесінің төрайымы Татьяна Владимировна Карасева тыл еңбеккерлері Ксения Игнатьевна Шмырева, Ольга Васильевна Антоненко, Евгения Ивановна Мухарьская, Владимир Петрович Урбанды алдағы мерекемен құттықтап, оларға азық-түлік себеттерін табыс етті.
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.