| Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты маманның Т. А. Ә. | Жұмыс телефоны |
| Анар Толепбердыновна Жанахметова | 8-715-38-34582, 8 7473714458 |
Егер адам денсаулығына байланысты қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға бара алмаса, ол немесе оның өкілдері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады.
Бұл сервисті дене функциясының тұрақты бұзылуы бар, тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады.
ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыруы қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде байланысуға тиіс.
Ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің қатарына Паспорт пен жеке куәлік беру, Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау жатады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank–пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.
Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ» — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.
Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.
Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.
Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.
Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Құрметті қызметті алушылар!
Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы — мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.
Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.
Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.
Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.
Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.
Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.
Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.
Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.
Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық түрде, үйден шықпай, алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдiлiк және ЭЦҚ қажет (қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталына жiберiледi) www.egov.kz, www.elicense.kz).
Портал арқылы жүгiнген кезде, мыналар қажет:
Портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн сұраухатты қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.
Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет алушының жеке кабинетiнде жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарауды өткiзуге инженер-инспектордың даярлығы туралы хабарламасы, күндi, машинаның техникалық қарауды өткiзудiң орны мен уақыты көрсетумен, көрсетiледi.

Электрондық үкiмет порталының пайдаланушысына арналған ескертпе
«Үшiншi тұлғамен анықтама алу қызметi» көмегiмен қызметтердi алу бойынша ескертпе
Telegram мессенджерiнде «EgovKzBot» көмегiмен қызметтердi алу бойынша ескертпе
Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтердi ХҚКО-ға жүгiнбей және мобильдiк ХҚКО-ны күтпестен өз бетiнше алуға болады. Қызылжар ауданының әр ауылдық округiнде «өзiне-өзi қызмет көрсету секторы» құрылды және жұмыс iстейдi. Бұл үшiн жеке компьютер және жақын жердегi ХҚКО-нан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Сонымен қатар, соңғы уақытта қазақстандықтар арасында Egov мобильдiк қосымшасы танымал болды, бүгiнгi таңда бiздiң 500 мыңға жуық азаматтарымыз пайдаланылуда. «Өзiне-өзi қызмет көрсету секторларын» құрудың мақсаты халыққа электрондық мемлекеттiк қызметтердi, электрондық цифрлық қолтаңбаларды өз бетiнше алу мүмкiндiгi, сондай-ақ әкiмдiктер қызметкерлерiнiң ЭҮП (Электрондық үкiмет порталы) жұмыс iстеу дағдыларына консультация беру және үйрету болып табылады. Бұл шара әрбiр көрсетiлетiн қызметтi алушы үйден шықпай-ақ мемлекеттiк баж салығын, салықтарды, жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұлдарды, коммуналдық қызметтердi төлеудi, кез келген анықтамалық ақпаратты алуды үйренуi үшiн iске асырылады. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар қызметтi өздiгiнен электрондық форматта, Светлопольск селолық округi әкiмiнiң аппаратында «Connection Point» арнайы жабдықталған орында ала алады. ЭЦҚ әлi алмаған азаматтар оны мобильдi ХҚКО-на келген кезде ала алады.
«Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы» шалғай елдi мекендерде тұратын тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құрылған. Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында. Азамат мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк баж салығын төлеудi қоспағанда, ешқайда кетпейдi және жұмсамайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мобильдiк топтардың сапарға шығуын бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Мобильдi ХҚКО құжаттарды қабылдауды ХҚКО ғимаратындағы бағыттар бойынша жүргiзедi.
Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн.
Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;
2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;
мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық кезек» тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады;
3) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (көрсетiлген қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына берiледi;
шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады;
шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хаттың көшiрмесiне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;
портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi не жоғары тұрған мемлекеттiк орган өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.