1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-1.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - тегін көрсетілді- 52, ақылы көрсетілді – жоқ.
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: электрондық нысанда көрсетілген- 51, қағаз нысанда көрсетілген - 1 қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
интернет ресурсында (http://kzh-yakor.sko.kz/) орналасқан, сонымен қатар мемлекеттік мекемені ғимаратында қажетті құжаттармен және құжаттарды толтыру орындарын тізбесі үлгілері бар стенділермен жарақталады .
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат : өткізілмеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар (Zoom), сұхбат және басқалар). Округте мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шынайылықты көрсететін таныстыру жұмыстары, семинарлар, «Facebook» парақшасында тікелей эфирлер өткізілді, халық алдында ауылдық округ әкімі есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары көрсетілетін қызметтермен таныстырылды, және тоқсан сайын «Маяк» газетінде көрсетілген қызметтер туралы және ауылдық округ әкімі сайтында аппаратта көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар беріледі.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымы туралы ақпарат. Мемлекеттік қызмет көрсетуде шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижесі. Ауылдық округ әкімі тарапынан бақылау, ауылдық округ әкімі өкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапты мамандар белгіленді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалған жұмыстар туралы әкім жанындағы отырыстар өткізілді. Мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету жақсарту бойынша таныстыру жұмыстары өткізілді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен өткізілген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері. 2023 жылы мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізілді.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат нәтижесі мен ұсыныстар дайындау өткізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша алдағы уақытта БАҚ, ауылдық округ әкімінің аппаратының интернет ресурсте халықты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процессін автоматтандыру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Өтініш беруші туралы мәлімет
|
Шағымның мазмұны |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қарастырған күні
|
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Якорь ауылдық округ әкімі В.Тихий