Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank кепілді алу бойынша электрондық сервисті іске қосты

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank-пен бірлесіп blockchain технологиясын қолдана отырып, жылжымайтын кепіл мүлкін алу процесін іске қосты. Енді банк клиенттері ХҚКО-ға жүгінбей-ақ өз мүлкін кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері енді ХҚКО-ларға жүгінбей-ақ өздерінің жылжымайтын мүліктерінен кепілді алып тастай алады. Бұл Blockchain технологиясын қолдану арқылы мүмкін болды.

"Клиенттер кепілді алуға өтінімді тікелей "Halyk Homebank" мобильді қосымшасында ресімдей алады, сол жерде тапсырысты электрондық төлеу және дайын нәтиже алу мүмкіндігі іске асырылды. Сервисті пайдалану нәтижені күту уақытын үш күннен бірнеше минутқа дейін қысқартады, клиенттерді қағаз жинаудан және ХҚКО-ға жүгінуден босатады", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚКО қызметкерлерімен физикалық байланысы да алынып тасталады, бұл деректерді үшінші тұлғаларға беруден қорғауды қамтамасыз етеді.

Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу қызметі қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айында ХҚКО-ға өтініштер арқылы 108 341 кепіл тоқтатылды.

Осы жылдың шілде айының басында дәл осындай сервис Мемлекеттік корпорация мен "Отбасы банк"арасында іске қосылды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 600-ге жуық кепіл тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік корпорацияның Екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алады, автокөлікті қайта ресімдей алады, ЖК тіркей алады, жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

СҚО бойынша" Азаматтарға арналған үкімет " МК КЕАҚ филиалының баспасөз қызметі

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
11 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы маусымдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
26 мая 2026
Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының арқасында Виноградов ауылдық округінде аумақтарды абаттандыру мен тазалау жұмыстары белсенді жүріп жатыр
11 февраля 2026
Виноградовка ауылы / Қызылжар ауданы/СҚО

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы