«Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.

«Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.

 

  1.    Жалпы ережелер

     1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ.     

          2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: көрсетілетін мемлекеттік қызметтер: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (байқауларды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін сату» «Жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп», «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Мемлекеттік қызметтер саны: көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер – 21.  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 6, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру– 1; сауда-саттықты (байқауларды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу – 14, «жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» – 0. «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0.

    тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: тегін көрсетілген – 21 қызмет; ақылы – жоқ.

      Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: электрондық нысанда – 21, қағаз нысанда – 0 көрсетілді.

    3)  Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. 2023 жылы ең көп сұранысқа ие қызмет сауда - саттықты (байқауларды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу қызметі болды» – 14 қызмет.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Кабинетте мемлекеттік қызметтер тізбесі, негізгі ұғымдар, өтініш үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі сипаттама мен іс-қимыл тәртібі қазақ және орыс тілдерінде көрсетілген стенд ресімделді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі. Аудандық газетте тоқсан сайын сайтта Мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер, «DigitalAgent» мобильді қосымшасы, электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы - «Connection Point» бойынша ақпарат. Вагулино ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы» жабдықталған. Сондай-ақ, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында халық оқытудан өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушыларға сауалнама жүргізіледі.

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын көпшілік  талқылау туралы ақпарат: талқыланбаған.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).  Округте мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Facebook» ресми парақшасында түсіндіру жұмыстары, семинарлар, тікелей эфирлер өткізілді, ауылдық округ әкімінің халық алдындағы есептік кездесуінде ауыл тұрғындары көрсетілетін қызметтермен танысты және ауылдық округ әкімінің сайтына аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат беріледі.

  1.   Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

        1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері: «Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ-де мемлекеттік қызметті автоматтандыру үшін база жоқ.                                     2)    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Аудандық әкімдікте онлайн режимде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарлар өткізілді.                      3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. Бекітілген жоспар бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» оқу бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді. Ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті.                                     

        4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

        1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): 2023 жылы барлық мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді, шағымдар түскен жоқ.       

        2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп ай сайын ұсынылады        

       3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері - тексерулер жүргізілмеген.                                                                     

  4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері-жүргізілмейді.

     5) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары: БАҚ-та, ауылдық округ әкімі аппаратының ғаламтор-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты одан әрі хабардар ету, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру.

 

Дата публикации
03 мая 2024