Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында Кеңес беру орталығы туралы ақпарат

Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанында азаматтарға, мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерi бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесiн дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттiктiң anticorruption.gov.kz сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкiл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегiн) нөмiрiн теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, азаматтардың электронды өтiнiштерi мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.

Кеңес беру орталығының басты мiндетi мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделi тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.

Осы мiндеттердi жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлерi тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылу тәртiбiн түсiндiредi, сонымен бiрге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтiнiштерiн қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама​ Кіріспе бөлім (ZIP 21 Kb)

Светлопольск ауылдық округінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022 жылға арналған ведомстволық іс-шаралар жоспары (RAR 13 Kb)

Светлопольск ауылдық округінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары (ZIP 15 Kb)

Светлопольск ауылдық округінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2020 жылға арналған ведомстволық іс-шаралар жоспары (DOCX 10 Kb)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ (ZIP 36 Kb)

Дата публикации
24 февраля 2023