Өтінімдері «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты» арқылы қабылданатын қызметтер тізімі

  1. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу (ZIP 43 Kb)
  2. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу (ZIP 42 Kb)
  3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу (ZIP 40 Kb)
  4. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу (ZIP 38 Kb)
  5. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу (ZIP 38 Kb)
  6. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру (ZIP 39 Kb)
  7. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою (ZIP 35 Kb)

Жұмыс кестесi:

1) көрсетілетін қызметті берушіде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтiнiштер қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлген қызмет нәтижелерiн беру сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiнде көрсетiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

мемлекеттiк қызмет жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электрондық кезек» тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады;

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының (жоғары тұрған лауазымды тұлға) атына берiледi;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хаттың көшiрмесiне қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушi не жоғары тұрған мемлекеттiк орган өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның — оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның басшысының атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не жоғары тұрған мемлекеттiк органның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы. (ZIP 140 Kb)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (ZIP 38 Kb)

Мемлекеттік қызметті көрсетулер сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға беріледі.

Дата публикации
24 февраля 2023