Анықтамаларды үшінші тұлғалар ала алады

eGov.kz порталында электрондық анықтамаларды үшінші жақпен алу сервисі қолжетімді болды. Қызмет тегін көрсетіледі. Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді. Егер пайдаланушы порталда және мобильдік азаматтар қорында тіркелсе, онда оның жеке кабинетіне сұраныспен келісу (бас тарту) үшін хабарлама жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама арқылы электрондық анықтаманы үшінші жақпен алуды растау/жоқтау сұранысы келеді. Сұраныс расталғаннан кейін ғана, хабарламаға жауап беру арқылы, үшінші жақтың «жеке кабинетіне» пайдаланушының атындағы электрондық анықтама келіп түседі.

Үшінші жақ ретінде жеке тұлға да және заңды тұлға да әрекет ете алады (банктер, мектептер, университеттер, емханалар, коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік органдар және т.б.) ал пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға ғана әрекет ете алатынын атап өткен жөн.

Осы сервис «Анықтамасыз қызметтер» жобасын іске асыру шеңберінде іске қосылды және бүгінгі таңда үшінші жақпен тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамасы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама алу үшін әрекет етеді.

Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабинетіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе ХҚКО-ға жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ға бекіту керек екенін еске саламыз.

Дата публикации
24 февраля 2023