2018 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң есеп нысаны

2018 жылғы «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi есебi (ZIP 22 Kb)

«Connection Point»

Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтердi ХҚКО-ға жүгiнбей және мобильдiк ХҚКО-ны күтпестен өз бетiнше алуға болады. Қызылжар ауданының әр ауылдық округiнде «өзiне-өзi қызмет көрсету секторы» құрылды және жұмыс iстейдi. Бұл үшiн жеке компьютер және жақын жердегi ХҚКО-нан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Сонымен қатар, соңғы уақытта қазақстандықтар арасында Egov мобильдiк қосымшасы танымал болды, бүгiнгi таңда бiздiң 500 мыңға жуық азаматтарымыз пайдаланылуда. «Өзiне-өзi қызмет көрсету секторларын» құрудың мақсаты халыққа электрондық мемлекеттiк қызметтердi, электрондық цифрлық қолтаңбаларды өз бетiнше алу мүмкiндiгi, сондай-ақ әкiмдiктер қызметкерлерiнiң ЭҮП (Электрондық үкiмет порталы) жұмыс iстеу дағдыларына консультация беру және үйрету болып табылады. Бұл шара әрбiр көрсетiлетiн қызметтi алушы үйден шықпай-ақ мемлекеттiк баж салығын, салықтарды, жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұлдарды, коммуналдық қызметтердi төлеудi, кез келген анықтамалық ақпаратты алуды үйренуi үшiн iске асырылады. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар қызметтi өздiгiнен электрондық форматта, Светлопольск селолық округi әкiмiнiң аппаратында «Connection Point» арнайы жабдықталған орында ала алады. ЭЦҚ әлi алмаған азаматтар оны мобильдi ХҚКО-на келген кезде ала алады.

«Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы» шалғай елдi мекендерде тұратын тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құрылған. Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында. Азамат мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк баж салығын төлеудi қоспағанда, ешқайда кетпейдi және жұмсамайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мобильдiк топтардың сапарға шығуын бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Мобильдi ХҚКО құжаттарды қабылдауды ХҚКО ғимаратындағы бағыттар бойынша жүргiзедi.

Дата публикации
24 февраля 2023