Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
- E-Gov электрондық үкімет порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы;
- Композиттік;
- Проактивті.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
- Жеке уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
- Кезектердің болмауы;
- Онлайн кеңес алу мүмкіндігі;
- Берілген өтінімнің қаралу мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
- Деректерді сақтау мен өңдеудің орталықтандырылған жүйесі болып табылады.
E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
- Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) жәрдемақы;
- Бала тууға байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
- Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы;
- Бала кезінен 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
- Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
- Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
- Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
- Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
- Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass171-6_mtszn );
- Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те көрсетілген сомалар туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass160_mtszn ) ;
- Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/pass171-2_mz).