Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank – пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.

Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппаратымен заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі
№ Қызметтердің атауы Кіммен көрсетіледі Алу тәлісі Стандарт Қағидағалар
1 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Мемлекеттік корпорация, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы"Портал egov.kz Скачать Скачать
2 Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің Мемлекеттік корпорация, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, "электрондық үкіметтің" веб-порталыПортал egov.kz Скачать Скачать
3 Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу МИО областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, районов, городов областного значения, городов районного значения, акимы поселков, сел, сельских округов Государственная корпорация, аким поселка, села, сельского округа, веб-портал "электронного правительства"

Портал egov.kz

Скачать Скачать
4 Жер учаскесін алу үшін кезекке қою Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Портал egov.kz

Скачать Скачать
5 Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, "электрондық үкіметтің" веб-порталыПортал egov.kz Скачать Скачать
Дата публикации
23 февраля 2023