Меню

Страницы

Статья

Рощин ауылдық округінің Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. 

Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға, Байланыс телефондары:

Бибігүл Хикматқызы Мусина - жұм. тел. 871538-2-75-39, ұялы. 8777-135-68-42

Еркен Бейсенбайұлы Құртбаев -жұм. тел. 871538-2-75-39, ұялы. 8707-205-50-78

Мемлекеттік қызметтер балама негізде халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО-е) көрсетіледі.

Мекен-жайы: Пеньково ауылы, Центральная көшесі, 13, тел. 2-75-39.  

Ауылдық округ әкімдері аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ тұрғындардың назарына "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес округ әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін ұсынатынын жеткізеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
  3. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру
  4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

ХҚКО қызметкерін үйге қалай шақыруға болады?

Егер адам денсаулығына байланысты қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға бара алмаса, ол немесе оның өкілдері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады.

Бұл сервисті дене функциясының тұрақты бұзылуы бар, тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады.

ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыруы қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде байланысуға тиіс.

Ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің қатарына Паспорт пен жеке куәлік беру, Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау жатады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank – пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.

Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі 

Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер

Құрметті қызметті алушылар!

Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:

  1. E-Gov электрондық үкімет порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы;
  2. Композиттік;
  3. Проактивті.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:

  • Жеке уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
  • Кезектердің болмауы;
  • Онлайн кеңес алу мүмкіндігі;
  • Берілген өтінімнің қаралу мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
  • Деректерді сақтау мен өңдеудің орталықтандырылған жүйесі болып табылады.

E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:

  1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  4. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) жәрдемақы;
  5. Бала тууға байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  6. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы;
  7. Бала кезінен 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
  8. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
  9. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
  10. Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  11. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
  12. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass171-6_mtszn );
  13. Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те көрсетілген сомалар туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass160_mtszn ) ;
  14. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/pass171-2_mz) .

Композиттік қызметтер

Композиттік қызмет - бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.

Әлеуметтік сала бойынша композиттік келесі қызметтер көрсетіледі

  1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  2. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы;
  3. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
  4. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы.

Проактивті қызметтер

Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.

Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы - мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.

Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.

Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.

Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.

Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.

Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.

Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.

Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.

Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.

Қызметті алушылар келесі әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде ала алады:

  1. Мүгедектігі бойынша МӘЖ
  2. Асыраушысынан айрылу бойынша МӘЖ
  3. Бала туу және баланың күтімі бойынша жәрдемақы
  4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы
  5. Көп балалы аналарға жәрдемақы
  6. Көп балалы отбасыларға жәрдемақы
  7. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем
  8. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы
  9. Табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы
  10. Асыраушысынан айрылу жағдай бойынша әлеуметтік төлем
  11. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының (Мемлекеттік кепілдік) сомасы арасындағы айырма төлемі.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі

«Рощин ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң қызметкелерi халықты «DIGITAL AGENT» мобильдiк қосымшасы туралы ақпаратты жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Ауыл шаруашылық техниканы электрондық форматта техникалық бақылау

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық түрде, үйден шықпай, алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдiлiк және ЭЦҚ қажет (қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталына жiберiледi) www.egov.kz, www.elicense.kz).

Портал арқылы жүгiнген кезде, мыналар қажет:

  • Осы Стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрiндегi өтiнiш;
  • Машинаға тiркеу құжаттың электрондық көшiрмесi (техникалық паспорты).

Портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн сұраухатты қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет алушының жеке кабинетiнде жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарауды өткiзуге инженер-инспектордың даярлығы туралы хабарламасы, күндi, машинаның техникалық қарауды өткiзудiң орны мен уақыты көрсетумен, көрсетiледi.

Атаулы аңықтаманың күшiн жою туралы

2019 жылдың 24 қазан күнi Рощин ауылдық округiнде атаулы анықтаманың күшiн жою бойынша түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiтiн күшiн жою туралы

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi 2019 жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады (Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнiң 12-жолы басқа жаңа қызметке ауыстырылды). Сәйкесiнше аталған өзгерiстердiң қолданысқа енгiзiлуiнен кейiн азаматтардан тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын талап етiлуiн болдырмау қажет.

2018 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

«Connection Point»

Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтердi ХҚКО-ға жүгiнбей және мобильдiк ХҚКО-ны күтпестен өз бетiнше алуға болады. Қызылжар ауданының әр ауылдық округiнде «өзiне-өзi қызмет көрсету секторы» құрылды және жұмыс iстейдi. Бұл үшiн жеке компьютер және жақын жердегi ХҚКО-нан алуға болатын электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Сонымен қатар, соңғы уақытта қазақстандықтар арасында Egov мобильдiк қосымшасы танымал болды, бүгiнгi таңда бiздiң 500 мыңға жуық азаматтарымыз пайдаланылуда. «Өзiне-өзi қызмет көрсету секторларын» құрудың мақсаты халыққа электрондық мемлекеттiк қызметтердi, электрондық цифрлық қолтаңбаларды өз бетiнше алу мүмкiндiгi, сондай-ақ әкiмдiктер қызметкерлерiнiң ЭҮП (Электрондық үкiмет порталы) жұмыс iстеу дағдыларына консультация беру және үйрету болып табылады. Бұл шара әрбiр көрсетiлетiн қызметтi алушы үйден шықпай-ақ мемлекеттiк баж салығын, салықтарды, жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұлдарды, коммуналдық қызметтердi төлеудi, кез келген анықтамалық ақпаратты алуды үйренуi үшiн iске асырылады. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар қызметтi өздiгiнен электрондық форматта, Светлопольск селолық округi әкiмiнiң аппаратында «Connection Point» арнайы жабдықталған орында ала алады. ЭЦҚ әлi алмаған азаматтар оны мобильдi ХҚКО-на келген кезде ала алады.

«Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы»

«Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы» шалғай елдi мекендерде тұратын тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құрылған. Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында. Азамат мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк баж салығын төлеудi қоспағанда, ешқайда кетпейдi және жұмсамайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мобильдiк топтардың сапарға шығуын бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Мобильдi ХҚКО құжаттарды қабылдауды ХҚКО ғимаратындағы бағыттар бойынша жүргiзедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы назарына

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi

  • Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi жастағы (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою.
  • Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру

бойынша өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру альтернативтiк түрде

  1. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ;
  2. «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

«Электрондық үкiмет«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жқмыс iстейдi? Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi:

«Рощин ауылдық округi әкiмi аппаратына» өтiнiш бiлдiрген кезде — демалыс және мереке күндерiн қоспағанда жұмыс күндерi.

  • сағат 9.00-ден 18-30-ге дейiн түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;

Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш бiлдiрген кезде демалыс және мереке күндерiн қоспағанда жұмыс күндерi:

  • сағат 9.00-ден 19-00-ге дейiн түскi үзiлiссiз

Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы жауапты тұлға қатынас телефоны:

Бибігүл Хикматқызы Мусина , Еркен Бейсенбайұлы Құртбаев телефон 2-75-39.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидалары

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну" мемлекеттiк қызметтi көрсету қағидалары

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

«Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

"Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

"Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы