| № | Маманның Т.А.Ә. | қызметі | телефон |
| 1 | Шаповалова Галина Александровна | жетекші маман | жұм. 5-21-36 ұялы. 87472264031 |
Занды тұлғаларды онлайн тіркеу

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank –пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.
Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.
Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.
Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.
Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.
Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі
Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:
Композиттік қызметтер
Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
Әлеуметтік сала бойынша композиттік келесі қызметтер көрсетіледі
Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы — мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.
Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.
Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.
Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.
Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.
Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.
Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.
Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.
Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.
Қызметті алушылар келесі әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде ала алады:
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі
1. Жалпы ережесі
1) Қызметберуші туралы мәлімет. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ заңды мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылы, көше Орталық/5, индекс 150712
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну»; «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»; «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ететін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызметтер саны: барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер — 7. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну — 0; Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою — 0; Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру — 0; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру — 1, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру — 0; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 6, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ететін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 0.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген, мемлекеттік қызметтер саны — 0.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: көрсетілген ақылы қызметтер — 0, тегін қызметтер — 7 .
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, қағаз түрінде — 7 және (немесе) электронды түрінде — 0.
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттер саны: бекітілген стандарттар — 7, регламенттер — 7
3) Көптеген талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат : Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәлімет. Мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын бас маманның кабинетінде көрінетін жерде қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің тәртібі мен сипаттамасы, өтініштер үлгілері, негізгі түсініктемелері, мемлекеттік қызметтің тізбесі көрсетілген стенді ресімделген. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі. Тоқсан сайын аудандық газетке, сайтқа мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттар беріледі.
2) Мемлекеттік қызметтер стандартын жобасын көпшілікте талқылау туралы ақпарат: талқыланған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шынайылықты көрсететін шаралар (таныстыру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқа). Округте мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шынайылықты көрсететін таныстыру жұмыстары, кездесулер өткізілді, халық алдында ауылдық округ әкімі есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары көрсетілетін қызметтермен таныстырылды, және тоқсан сайын «Маяк» газетінде көрсетілген қызметтер туралы және ауылдық округ әкімі сайтында аппаратта көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар беріледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуде оңтайландыру мен автоматтандыру процесінің нәтижесі. Қызметтер автоматтандырылмаған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату бағытындағы, шаралар. Аудандық әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлар өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мамандары біліктілікті жоғарлатуға бағытталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде нормативті-құқықтық процесін жетілдіру. Бекітілген жоспар бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» оқу бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Ауылдық округ әкімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша шаралар жоспары дайындалды және бекітілді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымы туралы ақпарат. Мемлекеттік қызмет көрсетуде шағым түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижесі. Ауылдық округ әкімі тарапынан бақылау, ауылдық округ әкімі өкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапты мамандар белгіленді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалған жұмыстар туралы әкім жанындағы отырыстар өткізілді. Мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету жақсарту бойынша таныстыру жұмыстары өткізілді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен өткізілген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері. 2019 жылы бақылау өткізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат нәтижесі мен ұсыныстар дайындау өткізілген жоқ.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасында қызмет алушының қанағаттанушылығын жоғарлату және алдағы тиімділік перспективалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша алдағы уақытта БАҚ, ауылдық округ әкімінің аппаратының интернет ресурсте халықты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процессін автоматтандыру.
Рассвет ауылдық округ әкімі
А. Шайменов
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық түрде, үйден шықпай, алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдiлiк және ЭЦҚ қажет (қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталына жiберiледi) www.egov.kz, www.elicense.kz).
Портал арқылы жүгiнген кезде, мыналар қажет:
Портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн сұраухатты қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.
Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет алушының жеке кабинетiнде жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарауды өткiзуге инженер-инспектордың даярлығы туралы хабарламасы, күндi, машинаның техникалық қарауды өткiзудiң орны мен уақыты көрсетумен, көрсетiледi.

1. Мекенжай анықтамасын алу;
2. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
3. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
21. Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
25. Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
30. Туу туралы анықтама алу.
31. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру
32. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру
33. Тауар таңбасын тiркеу
34. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тiркеу
35. Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру
36. Пайдалы модельге патент беру
37. Өнертабысқа патент беру
38. Селекциялық жетiстiктерге патент алу
39. Баланың тууын тiркеуге электрондық өтiнiштi беру
40. Некенiң бұзылуы туралы тiркеуге электронды өтiнiш беру
41. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеуге арналған электрондық өтiнiш беру
42. Құрылатын заңды тұлғаның атауы тiркелген шаруашылық субъектiнiң атауымен сәйкес келуi туралы анықтамасын алу
43. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру
44. Некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру.