Прибрежное ауылында Қарттар айлығы аясында ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов пен Ардагерлер кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева 80 жасқа толған мерейтой иелерін — Гуцевич Валентина Николаевнаны, Асанова Разиля Сентқожиевнаны және Смаилов Қайыржан Хамзиновичті арнайы барып сыйлық беріп құттықтады.
Сонымен қатар, ерлізайыпты Сергей Владимирович пен Людмила Кузьминична Катковтарға да сыйлық беріп және ізгі тілектерін білдірді.
Кездесу барысында мерейтой иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке, шаңырақтарына шаттық және әрдайым көтеріңкі көңіл күй тіледі. Қарияларға құрмет көрсету — ұрпақ парызы әрі адамгершіліктің белгісі.
Прибрежный ауылдық округте Шаховское және Прибрежное ауылдарында Қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл күн біз үшін үлкен ризашылық пен құрмет көрсетуге тамаша себеп болды. Ауылдық округ әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов пен ардагерлер Кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева мерекемен құттықтап, салтанатты түрде мерейтойлар мен ерлі-зайыптыларға естелік сыйлықтар табыс етті. Еңбек ардагерлеріне ерекше назар аударылды – ауылды дамытуға қосқан көп жылғы адал үлесі үшін оларға ауылдық округ әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Мерекелік атмосфераны жарқын концерттік бағдарлама мен шын жүректен шай ішіп, қонақтар бір – бірімен араласып, жақсы уақыт өткізе алды.
Ауылдық округтің АШТӨ басшыларына көрсеткен демеушілік көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сондай ақ Шаховское және Озерный орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына осы тамаша мерекені ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
2026 жылғы 19 маусымда «СҚО Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.
Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
19.06.2026 жылы сағат 11:00-де Прибрежное ауылы, Саясат көшесі, 28 мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:8-715-38-25431
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 12 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 08 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-71538-25431
Осы мәселе бойынша ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз ақпаратты келесі электрондық мекенжайға жібере аласыз: r.mustafina@sko.gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыс жандандырылды, оған ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын міндетті түрде әзірлеу кіреді. Бұл пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту, жайылымдарға түсетін жүктеме нормаларын сақтау және өнімділікті қолдау, сондай-ақ топырақтың тозуын болдырмау үшін қажет.
Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №119 бұйрығымен белгіленген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200027790).
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000019893#z48) сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілген жұмыс түрі мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты жұмыстарға жатады. Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалармен қатар, аталған жұмыстарды Мемлекеттік корпорация да жүзеге асыруға құқылы.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы шаруашылықішілік жергеорналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға дайын екенін білдіреді, сондай-ақ осы бағыт бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне белсенді қатысуға ниетті.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнің мерекелеу қарсаңында Прибрежный ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов және ардагерлер Кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева бірлесіп, ауылдық округтің тыл еңбеккерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сергектік пен амандық тіледі, сондай-ақ жалпы жеңіске деген адалдығы мен баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді. Жылы әрі ықыласты жағдайда өткен кездесулер барысында тыл еңбеккерлеріне бейбіт аспан мен ауыр сынақ жылдарындағы жанқиярлығы үшін терең құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде мерекелік құттықтаулар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, бұл жастар үшін әрқашан нағыз отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті