Меню

Страницы

Статья

Есептік кездесу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. І. Ақсақаловтың Шаховское ауылының тұрғындарымен 25.03.2022 жылы кездесуі барысында айтылған азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Прибрежный ауылдық округі әкімінің есептік баяндамасы Д. С. Рамазановтың

Құрметті ауылдық округ тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес халықтың ақпараттандыру мақсатында, тұрғындар алдында барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері барлық республика бойынша өткізіледі. Атқарушы үкіметтің және тұрғындардың осындай кездесулері барысында өзекті мәселелер шешіліп, тұрғындар елімізде жүзеге асырылатын реформалар, өткен жылдың қорытындысы, ауылдарды, ауданды, облысты және республиканы одан әрі дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуы жайында хабардар етіледі.

Өткен жыл республикамыз тәуелсіздігінің 30 жылдығымен есте қалды. Осы жылдар ішінде біздің еліміз бәсекеге қабілетті экономикасы бар кемелденген демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Мерейтойлық жылы біздің мемлекет пандемия жағдайына лайықты төтеп берді. Ел Президенті Қ.Қ. Тоқаев өзінің 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында пісіп-жетілген мәселелерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындады. Уақыт талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің алдына қойған міндеттеріне назар аудара отырып, біздің ауылдық округіміз дамып келеді.

Прибрежный ауылдық округінің аумағында 3 елді мекен орналасқан, халық саны 3324 адамды құрайды, аула саны 1134.

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округте өндірістік қызмет 4 ЖШС және 14 шаруа және фермерлік шаруашылықтарынан тұрады. Ауыл шаруашылық маңыздағы жер алаңының көлемі 20 мың гектардан аса, соның ішінде егістік алаңы 17 мың гектарды құрайды. Негізгі бағыты- дақылдық өндірістік (бидай. сұлы) және мал шаруашылығы.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істейтін субъектілерінің санының барлығы 40, онда 102 қызметші жұмысқа орналасқан.

Ауыл шаруашылығымен 51 адам айналысады. Ауылдық округтің ауыл шаруашылық құрылымдары егін себу және жинау жұмыстарын ақтылы өткізді.

Кәсіпкерлік

Жыл сайын экономиканы дамытуда шағын және орта бизнестің рөлі артып келеді. Шағын және орта бизнес ауылдық округ экономикасының дамуында негізгі орын алады, өйткені халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуге ықпал етеді. Ауылдық округте 23 жеке кәсіпкер тіркелген, оның 7-і 2021 жылы ашылған. Кәсіпкерлердің бір бөлігі сауда-сатып алу қызметіне маманданған. Округте 14 сауда нүктесі, пилорама және 1 металл өңдеу цехы жұмыс істейді.

Сумен қамтамасыз ету

Прибрежный және Тепличное ауылдарының тұрғындары орталықтандырылған су құбырынан сумен қамтамасыз етіледі. Прибрежное ауылында тұрғындардың 62% таратушы желілерге, Тепличное ауылында 72%, Шаховское ауылында жергілікті сумен жабдықтау көзіне тұрғындардың 74% қосылған.

Абаттандыру

Біздің округтің ауылдарын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Апта сайын "Таза бейсенбі" акциясы өткізілді. Жыл бойы округтің елді мекендерінің көшелерінде санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілді (әктеу, сырлау, жол жиегіндегі шөптерді шабу, қоқыстарды шығару жүргізілді, көшеттерді отырғызу, бағандарды әктеу, ҰОС жауынгерлеріне ескерткіштерді жөндеу).

Халықты әлеуметтік қорғау

Бүгінгі күні округтің әлеуметтік белсенді халқы-1874 адамды құрайды, оның ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар – 266 адам, жұмыссыздар-39 адам, жалдамалы жұмыскерлер-1569 адам. Нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. Қоғамдық жұмыстарға барлығы 17 адам тартылды.

2021 жылы атаулы-әлеуметтік көмекті 7 отбасы алды.

Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына-қарт адамдарға, мүгедектерге қамқорлық жасау болып табылады.

Бүгінде округте 454 зейнеткер мен 100 мүгедек тұрады. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге - 23 адам, оларға күнделікті көмек көрсететін 5 әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қамсыздандыруда 2 бала және 2 мүгедек, 4 әлеуметтік қызметкер бекітілген.

Жеңіс күнін мерекелеу аясында тыл еңбеккерлеріне барып, қайырымдылық көмек азық-түлік пакеттері түрінде табыс етті.

2021 жылдың қазан айында Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы кезінде орай округ кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері азық-түлік пакеттері, ақшалай қаражат түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Білім беру

Округ аумағында 2 орта мектеп жұмыс істейді, соның ішінде Прибрежное және Шаховское ауылдарында аралас оқыту нысанымен. Мектептерде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен Прибрежное ауылында Озерный орта мектебі жанында 40 орындық "Гүлбөбек," және Шаховское орта мектебі жанында 20 орындық "Жансая" шағын орталықтары жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес ересектер мен балаларға профилактикалық егулер жасалады.

Көлік және байланыс

Телефон байланысы қызметін "Қазақтелеком"АҚ Қызылжар АТТ көрсетеді. 725-ге жуық абонент қосылды. Округтің барлық елді мекендері телефондандырылған. Интернет желісіне қолжетімді. Округ бойынша автобус қатынасы тұрақты. Тепличное ауылында жолаушылар қызметін № 16 маршрут көрсетеді, Прибрежное ауылында жолаушылар қызметін Петропавл қаласының № 14 маршруты көрсетеді. Шаховское ауылында жолаушылар қызметін "Назар" ЖК көрсетеді.

Спорт

Ауылдық округте салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға көңіл бөлінеді. Шағын футбол, баскетбол алаңы, қысқы уақытта хоккей қораптары бар.

Ауылдық округ тұрғындары аудандық спорттық іс-шараларға қатысады.

Мәдениет

Биылғы жылы Елбасының "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ауылдық округ аумағында 20 әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Озерный орта мектебі жанында Қазақ-этномәдени орталығы ашылды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметі

Жыл басынан бастап аулдық округ әкімдігіменжеке тұлғалардан – 75 өтініш қарастырылды. Барлық өтініштер уақытылы қарастырылды, шаралар қабылданып және жауаптар берілді. 212 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұдан басқа, өткізілген жиындарда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау, жеке сектор малдарын бағу, ауылдарды жарықтандыру, қысқы уақытта жолдарды күтіп-ұстау мәселелері талқыланды, сондай-ақ аудан және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуы туралы халық ақпараттандырылды.

2021 жылғы қаңтарда есептік кездесулер барысында барлығы 10 сұрақ қойылды, оның 5-і орындалды және 5-не түсініктеме берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында округте айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Жылына бір рет округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен тәуекелдер анықталған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын барлық ауылдар бойынша азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефоны номері жарияланады. Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат жинауға арналған жәшік орналастырылған.

2022 жылға арналған жоспарлар

  • қайта оқытып шығару мен жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан өзін-өзі жұмыспен қамтылушыларды, табысы аз тұрғындарды тарту;
  • әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
  • тұрақты негізде ауылдық округтердегі ауылдарды одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс;
  • Прибрежное және Шаховское ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру;
  • Прибрежное ауылында спорттық ойын алаңын орнату;
  • Шаховское ауылына дейін аудандық маңызы бар кірме жолды жөндеу.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Округте өткізілетін жұмыстың негізгі мақсаты тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, өмір деңгейін арттыру. Тап осы мақсаттарға қол жеткізу үшін меншіктің барлық түріндегі өкілдерге, тұрғындарға барлық күш-жігерді біріктіру қажет. Осы шаралар біздің азаматтарымыздың өмір деңгейін сақтап қалуға және жақсартуға мүмкіндік береді.

Сөзді қорытындылай келе сіздердің баршаларыңызға зор денсаулық, табыс және бақ-береке тілеймін.

Дата публикации
02 ноября 2023
Дата обновления
02 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңы
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы