«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әскери есеп үстелі, әлеуметтік жұмыстар және салық жинау бас маманы (уақытша, 2025 жылғы 16 желтоқсанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, аталмыш мерзімнің аяқталғанға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «Е-G-3», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды олардың жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуді ұйымдастырады. Аудандардың тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсыну үшін даярлауды жүзеге асырады. Әскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеуді жүргізу және азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарды ауданның шақыру пунктіне басқа жерлерден жеткізуді ұйымдастырады. 18 жастағы балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау,үйде қызмет көрсететін қарттардың құжаттарын рәсімдеу, дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерге құжат дайындау, жергілікті өкілдер шешімімен жәрдемақыға мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету, жұмыссыз жүрген адамдарды жұмыспен қамту. Негізгі жұмыс орындарының көрсеткіштерін мониториг өткізу, қоғамдық төлемді жұмысқа алу. Әскери міндеті , әскери қызметі,азаматтық қорғаныс, жұмылдырылған дайындық және жұмылдыру туралы сұрақтар бойынша, төтенше жағдай және Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдаствру.Әскер жасына дейінгі, әскер жасындағы жастармен жұмыс істеу.Ардагерлермен,басқа қоғамдық ұйымдармен,қаза болғандардың жесірлерімен, мүгедектермен жұмыс істеу.Ішкі саясат бөлімімен жастар политикасы, мен жастардың спортпен айналасу жұмыстарын ұйымдастыру.Мамандарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру , заң тану жұмысымен айналасу. Жеке тұлғалардың салық төлеуін бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі: қызметтер (әлеуметтік жұмыс); білім (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, математика пәнінің мұғалімі, дене тәрбиесі мқғалімі), бизнес басқару және құқық (құқықтану, экономика, қаржы, есеп және жергілікті басқару); бизнес басқару және құқық (банк және сақтандыру ісі); педагогикалық ғылымдар (математика, педагогика және психология, мектепке дейінгі тәрбиелеу, оқыту педагогикасы, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау).

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар болған жағдайда жұмыс өтілі қажет емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
  3. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Қосымша