Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.

Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды.

Кірістер

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімдерімен, сондай-ақ инвестициялық табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге жарна түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 19,8% (немесе 260,05 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бастап 01.07.2025 жылға 1 294,56 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 11,7% – ға ұлғайды), МЗЖ – 67,87 млрд теңге (19,8% - ға өсім), ЕЗЖ  1,38 млрд теңге. 2025 жылдың алғашқы 6 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 211,65 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты.

Төлемдер мен аударымдар

БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 451,58 млрд теңге.   

Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер - 118,79 млрд теңге.    

Жыл басынан бері 01.07.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,58 млрд теңге, жерлеуге – 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. 

Дата публикации
31 июля 2025
Дата обновления
31 июля 2025
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы