GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға

статья

Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға

2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында Қызылжар ауданында қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығы аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында төрт деңгейлі бағдарлама бойынша жалғызбасты тұратын қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына бекітілді.

Қызылжар ауданында жалғызбасты тұратын 777 қарт адам мен мүгедектігі бар адам бар, оның ішінде 126 адам бекітілген. Олар – жалғызбасты тұратын қарт адамдар, тыл еңбеккерлері, мүгедектігі бар адамдар, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлері және концлагерь тұтқындары.

Көрсетілген көмек отын жеткізу, ақшалай көмек және азық-түлік пакеттері берілді.

Бүгінгі күнге дейін 104 азаматқа жалпы сомасы 765 120 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

21 октября 2026
Қайырымдылық айлығы: Қызылжар ауданындағы екі апта ізгі істер

мақала

Қайырымдылық айлығы: Қызылжар ауданындағы екі апта ізгі істер

Жыл сайын 1 қазанда бүкіл әлемде Қарттар күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 Жарлығына сәйкес қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген.

Қызылжар ауданында қайырымдылық көмек көрсету айлығы аясында 2026 жылғы 1 қазаннан бастап екі апта бойы 19 ауылдық округте зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Осы күндері аудан тұрғындары, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері және жанашыр азаматтар көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау, оларға жан жылуын білдіру және қажетті қолдау көрсету мақсатында күш біріктірді.

Екі апта ішінде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға түрлі қайырымдылық көмектер көрсетілді. Атап айтқанда, азық-түлік пакеттері, сыйлықтар мен ақшалай конверттер табысталып, отын мен мал азығы берілді, сондай-ақ тұрғын үйлерді жөндеуге көмек көрсетілді. Жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты қосымша қолдауды қажет ететін адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, осы кезеңде 1 433 адамға жалпы сомасы 7 495 400 теңгеге азық-түлік көмегі көрсетілді. 1007 адамға 4 097 300 теңге көлемінде ақшалай көмек берілді. Төрт зейнеткерге 285 000 теңге сомасына отын жеткізіліп, 159 адамға 1821000 теңге көлемінде мал азығы берілді. Қайырымдылық түскі астарына 979 адам қатысып, оған 1937000 теңге жұмсалды. Бір адамға 30 000 теңге сомасына тұрғын үйін жөндеуге көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 3166 адамға 2217200 теңге көлемінде өзге де көмек түрлері ұсынылды.

Материалдық көмектен бөлек, ауылдық округтерде қайырымдылық түскі астары мен жылы жүздесуге арналған шай дастархандары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іс-шаралар да назардан тыс қалмады. Олар үшін концерттер, азық-түлік жәрмеңкелері мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдар «Нептун» аквапаркіне барды. 2026 жылғы 9 қазанда мүгедектігі бар адамдар арасында «Жан қанаты» шығармашылық фестивалі өтті. Ал 2026 жылғы 16 қазанда қарттар арасында аудандық 10 спартакиада ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барлығы қатысушыларға жаңа әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға және күнделікті өмірлерін мазмұнды етуге мүмкіндік берді.

Екі аптаға созылған игі істер 19 ауылдық округтің тұрғындарын ортақ мақсатқа біріктірді. Бұл — зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсарту, оларға қолайлы жағдай жасау және күнделікті өміріне қуаныш сыйлау.

20 октября 2026
Обеспечение доступной среды

статья

Обеспечение доступной среды

19 октября  текущего года осуществлен выезд на новый объект Кызылжарской районной поликлиники,  с целью приведения объектов в соответствие со СНиПами в части адаптации, даны рекомендации.

 

07 октября 2026
Еңбек күні

Еңбек күні

 

Еңбек күнін мерекелеу аясында Қызылжар ауданында еңбек адамының мәртебесін көтеру және жұмысшы мамандықтарын танымал етуге бағытталған келесі маңызды іс-шаралар өткізілгенін хабарлайды, оның ішінде:

Бескөл ауылында салтанатты марапаттау: аудан орталығында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланың дамуына елеулі үлес қосқан еңбек адамдарын ресми түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

Өндіріс озаттарын марапаттау: аудан басшылығы атынан әртүрлі кәсіптер мен еңбек ұжымдарының өкілдері — 19 адам Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген Қызылжар ауданының әкімі Б.Қ. Исманов ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын және жұмысшы кәсіптерге деген құрметті атап өтті. «Еңбек жолы» байқауына белсенді қатысқаны, көп жылғы еңбегі және білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары М.И. Тасмағамбетовтың дипломымен Некібаевтар отбасы марапатталды. Олардың жалпы педагогикалық еңбек өтілі 250 жылды құрайды. Отағасы Ғабиден Қожатайұлы Некібаев шамамен 30 жыл бойы Архангельск орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді, ал жұбайы — бастауыш сынып мұғалімі. Ата-анасының жолын балалары да жалғастырған: ұлы — музыка пәнінің мұғалімі, қызы — балабақша тәрбиешісі. Ғабиден Қожатайұлы өз кәсібінде сабақты сапалы өткізумен қатар, балаға өзіне сенуге көмектесудің де маңызды екеніне сенімді.

Қыркүйек айы ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан да мерекеге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Рассвет ауылдық округінде Еңбек күнін мерекелеу аясында жасампаз еңбекті дәріптеуге, мамандардың еңбегін мойындауға және аумақты абаттандыруға арналған тақырыптық іс-шаралар өткізілді.

Бағдарламаға келесі іс-шаралар енгізілді:

Дөңгелек үстел басындағы талқылау: «Еңбек – табыс негізі»: Кездесу барысында қызметкерлер мен шақырылған қатысушылар кәсіби өсу мәселелерін, қазіргі қоғамдағы адал еңбектің маңыздылығын және әрбір маманның аймағымыздың дамуындағы рөлін талқылады.

«Адам және оның еңбегі» тақырыптық көрмесі: Рассвет ауылының ауылдық кітапханасында өндірістің алдыңғы қатарлы қызметкерлеріне, әріптестеріміздің, еңбек әулеттерінің және басқалардың еңбек жетістіктеріне арналған фотокөрме және ақпараттық экспозиция ұйымдастырылды.

Преснов ауылының кітапханасы жұмысшы мамандығының өкілімен бейнесұхбатты әлеуметтік желілерге жариялады. Кездесудің негізгі тақырыбы еңбектің құндылығы болды: кейіпкер қыз өз үлгісі арқылы өз жұмысына берілген әрбір адамның қосқан үлесі қаншалықты маңызды әрі мәнді екенін көрсетеді.

Светлопольск ауылдық округінде Қазақстандағы Еңбек күніне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Қатысушылар жұмысшылардың маңыздылығын, адал еңбектің әлеуметтік дамудағы рөлін және әрбір тұрғынның өз ауылының әл-ауқатына қосқан үлесін талқылады. Жылы және достық атмосферада өткен іс-шара барысында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Петерфельд ауылдық округінде Қазақстандағы Еңбек күні қарсаңында «Ақбота» балабақшасында балалармен «Әрбір мамандық маңызды» тақырыбында талқылауы өтті.

Березов ауылдық округінде Долматов ауылдық кітапханасында Еңбек күні қарсаңында ауыл тұрғындарымен «Адам еңбегі құрметке лайық» атты қоғамдық кеш өткізді. Большая Малышка ауылдық кітапханасы Еңбек күніне арналған «Адам қолымен жасалған ғажайып» атты ақпараттық бюллетень өткізді.

Налобино ауылдық округінде Налобин ауылдық кітапханасы Тәрбиешілер күніне орай “Тәрбиеші -жай ғана мамандық емес, бұл жүрек қалауымен таңдалған  мамандық” іс-шарасын өткізді.

Новоникольск ауылдық округінде Еңбек күні мерекесі аясында Новоникольск ауылдық кітапханасының кітапханашысы орталық қырманда оқушыларға арналған білім беру танымдық сапар ұйымдастырды. Балалар кәсіпорын жұмысының қыр-сырымен танысты, астықты сақтау және өңдеу, сондай-ақ заманауи технологиялардың жұмысшылардың жұмысын жеңілдетуге қалай көмектесетінін білді. Сапар барысында балалар астық сақтау қоймаларына барып, астықтың қалай сақталатынын білді. Балаларды нысанда қолданылатын заманауи ауыл шаруашылығы техникасы ерекше қызықтырды. Оқушылар сонымен қатар түйіршіктелген мал азығын өндіру қондырғысына барып, өндіріс процесімен танысты. Балалар заманауи астық кептіргіштерінен қатты әсер алды, оның құрылымы мен жұмыс істеу принциптерімен танысты. Нысандағы көрмеге қойылған жабдықтар да қызықты болды. Балалар ауыл шаруашылығында қолданылатын техника мен жабдықтарды қызығушылықпен қарап шықты. Сапар соңы көкөніс сақтау қоймасына барумен аяқталды, онда олар жұмысшылардың картопты сұрыптау және қаптау  жұмысын қарады. Сапар  танымдық және қызықты болды. Бұл балаларға ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбегі, заманауи технологиялар және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сақтауды қамтамасыз ететін адам еңбегінің маңыздылығы туралы көбірек білді.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Чапаев ауылдық кітапханасы мектеп оқушыларына арналған «Еңбек – өмір негізі» атты білім беру танымдық сапарды Қызылжар сүт фермасында ұйымдастырды. Оқушылар заманауи жабдықтардың жұмысын көріп, ауылдық еңбектің ерекшеліктерімен танысты. Сапар көрнекі түрде қызықты болды және жұмысшыларға деген оң көзқарас пен құрметті қалыптастыруға көмектесті.

Бугровой ауылдық округінде Еңбек күніне орай әлеуметтік желілерде «Көкжиектен тыс жол ғана» атты бейнепортрет  жарияланды.

Жүргізілген жұмыс туралы ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған (сілтемелер қоса берілген).

https://www.facebook.com/share/p/18LH5LQv5r/

 - Рассвет а/о;

https://www.facebook.com/share/v/1D7AAmMcjF/

 - Лесной а/о;

https://www.facebook.com/share/1EvsUSvEsS/

 - Светлопольск а/о;

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=122141162115063584&id=61581907529780&mibextid=wwXIfr&rdid=0qi2OIzzSSCzGObx – Петерфельдский с/о;

https://www.facebook.com/share/p/18eser7DbW/

 - Березов а/о;

https://www.facebook.com/share/p/19MqumF62D/

 - Налобин а/о;

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0daUm72rDtmAdfNa1zMfM5vQPuDyGhijgYiXYpRLS1mm5p2rJAjkAtRpdPjUEP7ZJl&id=61594589332467&__cft__[0]=AZhsayEUUtBFv1p91iAoEzbo7G2Jj0JNAX398f7w4vJD3S7B_NPoS_X3CU-DKXAosf6gc44T53oh7FPXsMSr8JqX8oMV097SShdY-d0lVaQt51pHPOK5KrrIc_guJMdPmu-w_cHYueQNi38em3XJQIzV8MNCKCd8pC7FspeJUUoR6g&__tn__=%2CO%2CP-R – Березов а/о;

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0daUm72rDtmAdfNa1zMfM5vQPuDyGhijgYiXYpRLS1mm5p2rJAjkAtRpdPjUEP7ZJl&id=61594589332467&__cft__[0]=AZhsayEUUtBFv1p91iAoEzbo7G2Jj0JNAX398f7w4vJD3S7B_NPoS_X3CU-DKXAosf6gc44T53oh7FPXsMSr8JqX8oMV097SShdY-d0lVaQt51pHPOK5KrrIc_guJMdPmu-w_cHYueQNi38em3XJQIzV8MNCKCd8pC7FspeJUUoR6g&__tn__=%2CO%2CP-R

мақала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

02 октября 2026
Комиссия отырысы

мақала

Комиссия отырысы
2026 жылғы 30 қыркүйекте Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары А.С. Ыбыраевтың төрағалығымен өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты азаматтардың өтініштерін қарастыру бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті.

 

 

24 сентября 2026
Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесі

Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесі

2026 жылғы 23 қыркүйекте Қызылжар ауданының Мансап орталығы филиалы Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Іс шараға жұмыс берушілер қатарынан 12 адам, жұмыс іздеушілер қатарынан 35 адам, 7 жас қатысты.

Елді мекен тұрғындарына жұмыс беруішлер ұсынған өзекті бос жұмыс орындары таныстырылды. Қатысушылар ұйымдардың  жұмыс берушілері жеке жауап алуына мүмкіндік алды. Мамандар жұмысқа орналасу және  жұмыс іздеушілерге сәйкес жұмыс орындар  бойынша консультациялық кеңес берілді.

22 сентября 2026
Қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

https://www.facebook.com/share/v/1F7SfrzSsC/

 

22 сентября 2026
Әлеуметтік қолдау- шын мұқтаж жандарға

https://www.facebook.com/share/v/1Enu7EMfCk/

 

22 сентября 2026
Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдерді алушыларға зейнетақы жарналарын субсидиялау

https://www.facebook.com/share/v/1bnFFQ7ZWf/

 

22 сентября 2026
Қандастарды қоныс аудару және бейімделу кезінде қолдау шаралары толық сақталады

https://www.facebook.com/share/v/19fsw1i55v/

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы