БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

2024 жылғы 14 маусымда «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Қызылжар ауданының Мансап орталығы» КММ бірге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізді.

Жәрмеңкеге 44 кәсіпорын мен ұйымдардан 153 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге келесі ұйымдар қатысты: «Радуга» ЖШС, «Загот Интер» ЖШС, «Нұбаев» ЖК, «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ, «Кызылжарзем» ЖШС.

 Барлығы жәрмеңкеге жұмыс іздеуші ретінде 40 адамнан артық жұмыссыз қатысып, бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты ала білді. Жұмыс іздеушілерге ауданда бар бос жұмыс орны, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, «Жастар практикасы», «Кәсіптік оқыту», «Қоғамдық жұмыстар», сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысу ұсынылды.

Жәрмеңкеге келген жұмыс іздеушілер жұмыс берушімен жеке байланысып, ұсынылған бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты ала білді.