АӘК алуға кім үміткер бола алады

АӘК алуға кім үміткер бола алады

2023 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша жыл басынан 91 отбасыға (426 отбасы мүшесі) 23 527,9 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматынан, қосымша төлем түріне ауыстырылды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 135 балаға 2804,8 мың теңге сомасында тағайындалды.

АӘК жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының келесі санаттарына тағайындалады:

  • ҚР азаматтары;
  • ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • босқындар;
  • қандастар.

Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

Кедейлік шегі – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде белгіленген бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.

Өз кезегінде, ең төмен күнкөріс деңгейін өңірлер бөлінісінде тоқсан сайынғы негізде ҚР Ұлттық статистика бюросының органдары есептейді. АӘК тағайындау кезінде азық-түлік тауарларының бағасына байланысты жергілікті атқарушы органдар есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады.

Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:

  1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
  • зейнеткерлік жасқа жетуімен;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы.
  1. Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.

Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Шартты жәрдемақы нақты жағдайға байланысты ай сайын тағайындалады немесе бір рет төленеді.