Архангельск, Куйбышев, Новоникольск округтерінің тұрғындары арасында халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

Архангельск, Куйбышев, Новоникольск округтерінің тұрғындары арасында халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 15 ақпанда Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Қызылжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірге әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік тәуекелдерден қорғау, әлеуметтік құқықтарды және азаматтардың мүдделерін қорғау саласындағы заңнамалар бойынша кеңес беру мақсатында, сондай- ақ жұмыспен қамту мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғасты.

Архангельск, Куйбышев және Новоникольск ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын уақтылы төлеудің маңыздылығы, мемлекеттік органдардың кәсіподақтармен бірлесіп жұмыс істеуі, халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыру және әлеуметтік саланың әлеуметтік — экономикалық дамуын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту орталығы және медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімшелері арқылы жұмысынан айырылған және еңбекке қабілеттіліктен айрылған тұлғаларға «композиттік» қызметтер көрсету мәселелері айтылды. Сондай- ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдердің жеткілікті болуының шарттарының бірі болып табылатын әлеуметтік аударымдарды төлеудің жүйелілігіне баса назар аударылды. Қазақстандық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысы, жүйеге қатысушының қандай құқықтары мен жеңілдіктері бар екені туралы түсініктемелер беріліп, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің дұрыстығына, азаматтардың сақтандыруға қатысты міндеттеріне, сондай-ақ, жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық көлемде төлеуді талап етуге қатысты сұрақтар талқыланды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде жалпы жұмыс бағыттары бойынша, жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру және өз ісін ашу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Барлық экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту мәселесі бойынша халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс жалғасады.