Үшжақты комиссияның отырысы

Үшжақты комиссияның отырысы

2023 жылғы 02 маусымда аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Шакубаевтың төрағалығымен СҚО Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті. Онда өндірістегі жұмысшылар санының артуы, атап айтқанда, «Кирпич СК» ЖШС кәсіпорының жұмысшылар санының артуы, ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Отырысқа жобаны іске асыратын мердігерлер, ЖШС басшылары шақырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Кирпич СК» ЖШС жұмысшылар санын арттыру, іске асырылатын жобаларға ауданның жұмыссыз халқын жұмысқа орналастыру бойынша тапсырма берілді.