2023 жылғы 1 мамырдан бастап 1 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға үміткерлерден келесі номинациялар бойынша өтінімдер қабылдау басталды:
- «Үздік еңбек әулеті»;
- «Өндірістің үздік жас қызметкері»;
- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері».
«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары облыстық және республикалық деңгейде іріктеледі.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлерден материалдарды «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не (СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Институт қөшесі, 1 үй, байланыс телефон 8715-38-2-16-84) 2023 жылғы 1 шілде күні дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет.