Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданында мобильді топтың рейдтік жұмысы жүргізілді

Қызылжар ауданында мобильді топтың рейдтік жұмысы жүргізілді

9 қазанда мобильді топ Қызылжар ауданының Архангельское және Красная Горка ауылдарына барды.

Сапар барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, толық емес және қолайсыз отбасылар, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тұратын отбасылар араланды. Сонымен қатар жұмыссыз, білім алмайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін NEET санатындағы жастарға ерекше назар аударылды.

Отбасылармен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әлеуметтік мәселелерді анықтауға және қажетті қолдау түрлерін айқындауға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Мамандар азаматтарға әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіріп, қиын жағдайдан шығу жолдарын қарастыру бойынша кеңестер берді.

Сапар қорытындысы бойынша екі отбасы Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік сүйемелдеуіне алынды. Бұл отбасыларға қажетті көмекті көрсету, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған төрт азаматтың тұрғылықты жері тексеріліп, олардың жағдайына назар аударылды.

Іс-шараға пробация қызметінің басшысы, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, учаскелік полиция инспекторы және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

Мұндай бірлескен жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды дер кезінде анықтау, азаматтарға қажетті көмек көрсету және жастардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Мобильді топтың жұмысы халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге, отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы