Меню

Страницы

Статья

Әр отбасыға қамқорлық пен қолдау!

Әр отбасыға қамқорлық пен қолдау!

Мобильді топ аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты азаматтардың үйлеріне барып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты. Басты мақсат – азаматтардың өзекті мәселелерін анықтау, қажеттіліктерін зерделеу және тиісті көмек көрсету жолдарын қарастыру.

Бару барысында мамандар отбасылардың тұрмыс жағдайына назар аударып, жеке әңгімелесулер жүргізді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тұрмыста кездесетін қиындықтары және қажетті әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігі қарастырылды. Әсіресе қосымша қолдауды қажет ететін отбасылар мен өмірлік жағдайларға байланысты қиындықтарға тап болған азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша қажетті көмек көрсету мәселелері қарастырылып, азаматтарға тиісті кеңестер берілді. Сондай-ақ әлеуметтік қолдау алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай кездесулер халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, азаматтардың мәселелерін уақытылы анықтауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мобильді топтың жұмысы тұрғындармен өзара байланысты нығайтып, әрбір отбасының қажеттіліктеріне дер кезінде назар аударуға бағытталған.

Жұмыстың басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, оларға уақытылы қолдау көрсету. Әрбір отбасы қамқорлықты сезініп, қажетті көмекке қайда жүгінуге болатынын біліп, тиісті қолдауға қол жеткізуі маңызды.

 Мобильді топтың жұмысы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және әрбір отбасының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Әр отбасы назардан тыс қалмауы тиіс! Бірлесе отырып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру жолында маңызды істер атқара аламыз.

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді
13 октября 2026
Әр отбасыға қамқорлық пен қолдау!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы