Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді
Мобильді топ Бескөл ауылында кәмелетке толмаған балалары бар, қиын өмірлік жағдайдағы (ҚӨЖ) және профилактикалық есепте тұрған отбасыларға, сондай-ақ пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға барды.
Бару барысында профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, отбасылардың тұрмыстық жағдайлары зерделенді және қажетті консультативтік көмек көрсетілді.
Жұмыстың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасыларға уақтылы қолдау көрсету.