Құрмет пен қамқорлық – аға буынға
Қарттар күніне орай Қызылжар ауданының Отбасын қолдау орталығының мамандары тыл ардагері, 90 жасқа толған ардақты әжемізді арнайы барып құттықтады.
Құрметті әжейге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен жан жылуын тілеп, жылы лебіздерімізді білдірдік.
Үлкенге қамқорлық көрсету – олардың еңбегіне, өмір жолына және баға жетпес тәжірибесіне деген құрметтің белгісі.
Қарттарымыз аман болып, әрдайым қамқорлық пен құрметке бөлене берсін!