Қарттар күніне арналған мерекелік концерт
Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында әндер шырқалып, әсем билер орындалып, шығармашылық өнер көрсетілімдері ұсынылды. Қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен жылы эмоциялар сыйланды.
Ардақты ардагерлеріміз бен қазыналы қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына жылулық пен береке тілейміз!
Әрбір күндеріңіз қамқорлыққа, құрметке және көңіл бөлуге толы болсын!