Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте № 2 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Л.Ж. Табылдинова және консультант М.Ш. Ағатаевамен Прибрежный ауылындағы қызмет алушылардың үйлерін аралап, олардың тұрмыс жағдайларын, бару кестесінің сақталуын, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің үйде күтім көрсету жағдайында ұсынатын қызметтердің сапасы мен көлемінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді.
Осы елді мекенде 3 әлеуметтік қызметкер А.В. Новицкая, Н.И. Тенизова, А.Ү. Абатова 15 қарт адамға қызмет көрсетеді.
Тексеру барысында мемлекеттік стандартпен қарастырылған қызметтер уақытылы және толық көлемде орындалады. Жалпы әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына қызмет алушылар тарапынан оң пікірлерін білдірді. Барлық қызмет алушылар әлеуметтік қызметкерлеріне көрсетіп отырған көмектері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын айтты. Қарт адамдарға үй жағдайында күтім көрсететін әлеуметтік қызметкерлер олардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын сақтауда маңызды рөл атқарып, қарт адамдардың үйлерінде қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ, қызмет алушылар өздеріне көрсетіліп отырған назар мен қамқорлық үшін бөлім басшылығына алғыстарын білдірді. Олар қиын өмірлік жағдайға тап болғанадамдарға көмек көрсететтін осындай ұйымның бар екеніне ризашылықтарын жеткізді.
Қарт адамдарға күтім жасау үлкен көңіл бөлуді, шыдамдылықты және кәсібилікті талап етеді, бұл міндеттердің дұрыс орындалуы қызмет алушылардың жайлылығы мен денсаулығына тікелей әсер етеді.