Бүгінгі Отбасы күні құтты болсын!
Мерекеге орай Отбасын қолдау орталығының бастамасымен «Ұрпақтар диалогы» атты кездесу өтті.
Аға буын мен жастар жеке шекара, міндеттерді әділ бөлу және өзара сыйластық мәселелерін ашық талқылады.
Құр сөзбен шектелмей, арнайы шақырылған шебер ұл балаларға қамшы өрудің қыр-сырын үйретті. Ең бастысы – біз ортақ тіл табыса алдық!