Отбасы апталығы аясында «Ұрпақтар диалогы: бір-бірімізден не үйрене аламыз?» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – әр буын өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, тәжірибе алмасу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Кездесу барысында аға буын өкілдері өздерінің өмірлік тәжірибесімен, салт-дәстүр және отбасы құндылықтарына қатысты ойларымен бөлісті. Ал жас ұрпақ заманауи көзқарастары мен жаңа идеяларын ортаға салып, өз пікірлерін білдірді.
Қатысушылар үлкеннен – өнеге, жастан – жаңа көзқарас алуға болатынын атап өтіп, бір-бірін тыңдау мен түсінудің маңыздылығын талқылады.
Ұрпақтар арасындағы осындай ашық диалог отбасылық байланысты нығайтып, өзара құрмет пен түсіністікті арттыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибе – аға буыннан, жаңа идея – жас ұрпақтан. Бір-бірімізден үйрене отырып, бірге дамимыз!