Отбасы апталығы аясында «Әке мен бала» тақырыбында 60 минуттық тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.
Кездесу барысында әкелер мен балалар түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындарға қатысып, өзара пікір алмасты. Бірге уақыт өткізу арқылы қатысушылар бір-бірін жақынырақ танып, жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Шара барысында сыйластық, жауапкершілік, қамқорлық, сенім және отбасындағы әкенің орны туралы маңызды ойлар ортаға салынды.
Бұл 60 минут әкелер мен балалар үшін пайдалы әрі есте қаларлық уақытқа айналып, отбасылық байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етті.
Әке – отбасының тірегі, бала – отбасының жүрегі!