Меню

Страницы

Статья

«Саналы ата-ана болу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Саналы ата-ана болу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Отбасы құндылықтарын нығайту және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Саналы ата-ана болу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы өзара түсіністік пен сенім, балаға дұрыс көңіл бөлу және оның эмоционалдық қажеттіліктерін түсіну мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бала мен ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, заманауи қоғам жағдайында бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, баланың пікірін тыңдау және оған қолдау көрсету жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар саналы ата-ана болу – баланы тәрбиелеумен қатар, оны түсіну, тыңдау, қолдау және тұлға ретінде құрметтеуден басталатынын атап өтті.

Дата публикации
24 сентября 2026
Дата обновления
24 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы