Бүгін Қызылжар ауданында «Жауапты ата-ана мектебі» аясында ата-аналармен «Қашықтық емес, сенім: бүгінгі ата-ана болу өнері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді Солтүстік Қазақстан облысының Психологиялық қолдау орталығының мамандары өткізді.
Бұл жай ғана дәріс емес, баланың «қаламаймын», «кетіңізші», «маған бәрібір», «білмеймін» деген үйреншікті сөздерінің астарында шын мәнінде не жатқандығы туралы ашық әрі шынайы әңгіме болды.
«Жауапты ата-ана мектебінің» жұмысына мүдделі қызметтердің өкілдері қатысты:
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Айтмағанбетова Альбина Мұратқызы;
Отбасын қолдау орталығының басшысы Қаржау Оралхан Малдыбекұлы;
Қызылжар ауданы ПБ ЖПҚБ ЮП инспекторы Қажжанов Жамбыл Кәкімұлы.
Кездесу барысында қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, баланың эмоционалдық жағдайы, оның қажеттіліктеріне уақытылы көңіл бөлудің маңыздылығы мәселелерін талқылады.