Меню

Страницы

Статья

Бақылау мақсатындағы бару жұмыстары

№ 1 үйде әлеуметтік көмек көрсету  бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру және бақылау жүргізу шеңберінде «Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мамандары тарапынан үй жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында ауылдық округтер әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, Бескөл, Метлишино, Знаменское және Байсал ауылдарында тұратын арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларды бақылау мақсатында бару жұмыстары жүргізілді.

Үйде қызмет көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер алушыларға тұрақты түрде барудың негізгі мақсаты – әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс сапасын бақылау, көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық орындалуын бағалау, сондай-ақ қарт адамдардың тұрмыс жағдайлары мен қажеттіліктерін анықтау.

Сонымен қатар, аталған кезеңде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру мақсатында шығу жұмыстары жүргізіліп, тиісті актілер жасалды. Барлығы 5 қарт адамның және 1 мүгедектігі бар адамның тұрмыс жағдайы қаралды.

Мұндай бақылау жұмыстары азаматтардың өмірлік қиын  жағдайын объективті бағалауға, олардың әлеуметтік қолдауға деген қажеттіліктерін анықтауға және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы