«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бескөл ауылындағы Пробация үйінде пробациялық есепте тұрған азаматтарды ай сайынғы қабылдау өтті.
Жеке қабылдауға аудан прокуроры Марат Аюпов, аудан әкімінің орынбасары Азат Ибраев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің, Мансап орталығының, Отбасын қолдау орталығының, ішкі саясат бөлімінің басшылары, сондай-ақ пробация қызметі мен аудан прокуратурасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азаматтардың әлеуметтік, құқықтық және медициналық мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, электрондық білезіктерді тағу және оларды ауыстыру, әлеуметтік төлемдер алу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелерін жалға беру мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша түсіндірме беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды. Азаматтардың бірі толық кеңес және қажетті көмек алу үшін әлеуметтік қорғау бөліміне шақырылды.