Қайырымдылық іс-шарасы
Қызылжар аудандық кітапханасында «Жас Отан» қоры ұйымдастырған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Қызылжар ауданының пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті кеңсе тауарлары салынған мектеп сөмкелері табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылармен психологтың қатысуымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесудің мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және психологиялық қолдау көрсету.
Аталған іс-шара есепте тұрған отбасыларды қолдауға және балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмек көрсетуге бағытталған. орысша