Отбасымен жүргізілген жұмыс
Отбасындағы ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік пен жанжал орын алуына байланысты, учаскелік полиция инспекторы, Отбасын қолдау орталығының психологы және заңгері бірлесіп, отбасына барды.
Жұбайлармен жеке және бірлескен сұхбат жүргізіліп, отбасындағы жағдай талқыланды. Психологиялық диагностика жүргізіліп, эмоционалдық жағдайы мен стресс деңгейін анықтау мақсатында тесттер алынды.
Заңгер тарапынан зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық қарым-қатынасты сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психолог тарапынан өзара түсіністік, сыйластық және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу бойынша кеңес берілді.
Қазіргі уақытта отбасындағы жағдай тұрақты, ерлі-зайыптылар арасында түсіністік қалыптасқан. Отбасында 5 бала тәрбиеленіп отыр. Отбасыға психологиялық және профилактикалық қолдау көрсету жұмыстары жалғастырылады. орысша