Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен профилактикалық жұмыс жүргізілді
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Кездесу барысында жауапты ата-ана болу, бала тәрбиесі, балалардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Балалардың бос уақытын өткізуіне, араласатын ортасына және эмоционалдық жағдайына бақылау жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Отбасы мен мамандардың бірлескен жұмысы – әрбір бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудағы маңызды қадам.