Отбасын қолдау орталығында ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыру мақсатында «Саналы ата-ана болу» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушылар баламен тиімді қарым-қатынас орнату, эмоцияларды дұрыс басқару, балаға қолдау көрсету, сенімге негізделген тәрбие және отбасыдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды.
Іс-шара барысында түрлі психологиялық жаттығулар, пікір алмасу және топтық жұмыстар өткізілді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, саналы ата-ана болудың маңыздылығын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға болатын жаңа дағдыларды меңгерді.
Осындай кездесулер ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып, отбасы құндылықтарын нығайтуға өз үлесін қосады.орвсша