Қызылжар аудандық Отбасын қолдау орталығы пробация қызметімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында футбол жарысын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және командалық рухты нығайту.
Жарыс достық әрі тартысты жағдайда өтіп, белсенді қатысушылар марапатталды.