2026 жылғы 16 шілдеде «СҚО Қызылжар ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында өткен «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру» форумына қатысты.
Форум барысында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, Отбасын қолдау орталықтарының қызметі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, сондай-ақ көші-қон және қоныс аудару салаларындағы заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың өзекті мәселелері мен мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Осындай іс-шаралар заманауи технологияларды енгізуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және өңір тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қолдауды одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.