Меню

Страницы

Статья

«Адам игілігі жолындағы қайырымды іс» қайырымдылық бастамасы

«Адам игілігі жолындағы қайырымды іс» қайырымдылық бастамасы аясында «Қызылжар ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» КММ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлермен бірлесіп жалғастыруда.
Осы ынтымақтастық аясында «Ахмутдинов» ЖК Бескөл ауылында тұратын мүгедектігі бар 11 азаматты алдағы жылыту маусымына қажетті отынмен қамтамасыз етті. 

Көмек алушылардың тізімі Отбасын қолдау орталығының мамандары тарапынан әзірленді.
 Әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық көмек көрсеткен «Ахмутдинов» ЖК-не шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осындай игі бастамалар көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы өзара жанашырлық, мейірімділік пен қайырымдылықты нығайтуға ықпал етеді.

Дата публикации
13 августа 2026
Дата обновления
13 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы