Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округтерде кезекті мобильді кабинет ұйымдастырылды

 

Ауылдық округтерде кезекті мобильді кабинет ұйымдастырылды.

Қызылжар ауданының ауылдық округтерінде Отбасын қолдау орталығының жұмысы аясында кезекті мобильді кабинет ұйымдастырылды.

Отбасын қолдау орталығының мамандары ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өзекті әлеуметтік, психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, әлеуметтік қолдау шаралары мен қолжетімді қызметтер туралы қажетті ақпаратқа ие болды.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын түсіндіруге, отбасылық қарым-қатынас мәселелеріне, әлеуметтік қамсыздандыруға және психологиялық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Мамандар тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін мұқият тыңдап, әр жағдайға байланысты тиісті кеңестер мен ұсыныстар берді.

 Осындай мобильді қабылдауларды ұйымдастыру ауыл тұрғындары үшін Отбасын қолдау орталығының қызметтерін қолжетімді етуге, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, халықтың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғындарға қажетті білікті көмекті тікелей тұрғылықты жері бойынша алуға мүмкіндік береді.

 
 
 
 
Дата публикации
12 августа 2026
Дата обновления
12 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы