Қызылжар аудандық Отбасын қолдау орталығында «Отбасылық бірлік» атты тоғызқұмалақ турнирі өтті.
Турнирге 29 қатысушы қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен шеберліктерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, зияткерлік спортты дамытуға және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.