Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бақылау аясында, 2026 жылғы 28 шілдеде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мамандары Новоникольское ауылдық округінде (атап айтқанда, Новоникольское және Трудовое ауылдарында) тұратын және үйде қызмет алатын тұлғалардың тұрмыстық жағдайлары мен қажеттіліктеріне жоспарлы тексеру жүргізді.
Бағалау нәтижелері мамандандырылған әлеуметтік қызметтердің әлеуметтік қызметкерлер тарапынан жеке күтім жоспарларына сәйкес көрсетілетінін, кестеге сай тұрақты түрде барып-қайту жұмыстарының жүргізілетінін және қызметтердің толық көлемде ұсынылатынын растады. Қызмет алушылар тұрмыс жағдайларына риза және әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына оң баға береді: олар қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілген, тұратын орындары таза әрі ұқыпты ұсталады, сондай-ақ оларға азық-түліктің негізгі түрлері беріліп, тиісті күтім мен назар көрсетіледі. Қысқа арналған отын дайындалып, пеш мұржалары тазартылған.
Қызмет алушылармен және олардың туыстарымен әңгімелесулер өткізіліп, қажетті кеңестер мен ұсынымдар берілді.