Меню

Страницы

Статья

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

 

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

Ағымдағы жылғы маусым айында №1 үйде әлеуметтік көмек бөлімшенің консультанты Т.А. Ашпекова Бескөл, Рассвет, Архангельск, Куйбышев ауылдық округтерінде үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларға жоспарлы бақылау жүргізді.

Негізгі мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау, жеке көмек жоспарларының сақталуын тексеру, қызмет алушылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу және олардың ағымдағы қажеттіліктерін анықтау болды.

Сапар барысында қызмет алушылармен әңгімелесу жүргізілді, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен уақытылы көрсетілуі бағаланды, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлерге азаматтарды одан әрі қолдау бойынша ұсыныстар берілді.

Қызмет алушылар әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы туралы оң пікірлерін білдіріп, олардың адалдығын, адамдарға қамқорлығы, құрметпен қарауы, жоғары жауапкершілігі мен жанашырлығын атап өтті. Әлеуметтік қызметкерлер З.С.Ахмедова, Е.И. Маналакий, А.З. Бакина, Н.А. Давыдова, Г.К. Казаченко, А.М. Сабитова, Б.Т. Оспанова, Б.Қ.Ахметова, Н.Н. Еремина және Р.Н. Қоспанова  көрсеткен көмегі, қамқорлығы және қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Айтылған алғыс сөздері қызметкерлердің кәсібилігін растайды және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға ынталандыру болып табылады.

 

Дата публикации
09 июля 2026
Дата обновления
09 июля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы